Павлодарда бірқатар автобус бағытына уақытша өзгерістер енгізілді

Павлодарда бірқатар автобус бағытына уақытша өзгерістер енгізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, жылумен жабдықтау желілерін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты 20-25 тамыз аралығында Қамзин – Естай көшесінің қиылысында қозғалыс шектеледі. Осыған байланысты № 1, 3, 40, 41, 52, 57, 126 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілетін болады. 

№1автобус маршруты Сұрағанов көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай жүріп бара жатып, Аймауытов – Қамзин – Малайсары батыр көшелерімен (Павлов, Катаев және Естай көшесіне кірмей) айналып өтеді.

№41 автобус бағыты Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жүріп бара жатқанда Қамзин –Аймауытов – Лермонтов – Н. Назарбаев даңғылы (Естай көшесіне кірмей) көшелерімен айналып өтеді. Естай көшесімен батыстан шығысқа қарай жүріп бара жатқан кезде Катаев-Малайсары батыр – Павлов – Аймауытов – Қамзин - Малайсары батыр көшелерімен айналып өтеді. 

№40 автобус бағыты Қамзин көшесі – Аймауытов көшесі бойынша қозғалысты жүзеге асырады (Павлов көшесіне кірмей). 

№52 автобус маршруты батыстан шығысқа қарай Лермонтов көшесімен жүріп, Лермонтов – Аймауытов – Қамзин - Малайсары батыр көшелерімен және маршрут бойынша (Н. Назарбаев даңғылына кірмей) айналып өтеді. 

№57 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Н. Назарбаев даңғылы – Лермонтов – Аймауытов – Қамзин (Естай көшесіне кірмей) көшелерімен өтеді. 

№3 автобус маршруты Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жүріп бара жатқанда Қамзин – Аймауытов – Лермонтов – Н. Назарбаев даңғылы – Естай көшелерімен айналып өтеді.

№126 автобус бағыты Малайсары батыр көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде Қамзин – Аймауытов көшелерімен айналып өтеді.