Павлодарда құтқарушылардың құрметіне аллея пайда болады

Павлодарда  құтқарушылардың құрметіне аллея пайда болады
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Бұл мемориалдық нысан адам өмірін сақтап қалған қызметкерлерге деген ризашылық пен құрмет символына айналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Атаулы күн — Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында қызметтік борышын орындау кезінде өз өмірін қиған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың батылдығына арналған жаңа аллея пайда болады. 

— Аллеяны абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Оның ерекшелігі — орналасқан жерінде, қаланың қақ ортасында — Естай мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының басты көшелерінің қиылысында болады. Мұнда қаза тапқан батырлардың жанқиярлығы мен батылдығын еске салатын ескерткіш орнатылады, — дейді облыстық ТЖД-де. 

Салтанатты ашылу рәсімі ағымдағы жылдың 19 қазанында өтеді. Оған гарнизон ардагерлері, азаматтық қорғау қызметкерлері, жастар, қоғам өкілдері қатысады. Олар шынайы кәсіпқойлықтың, батылдықтың және адалдықтың символы ретінде қызмет тарихында есімдері жазылған әріптестерін құрметтеуге келеді. 

Еске алу аллеясы тек қайғы мен құрмет орны ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының символына, құтқарушы мамандығының маңыздылығын еске салатын болады.