Екібастұзда кәсіпкер екі оқушыға шәкіртақы тағайындады

Екібастұзда кәсіпкер екі оқушыға шәкіртақы тағайындады

Бұл шәкіртақы желтоқсаннан мамыр айына дейін беріліп отырмақ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Зерде» мамандандырылған лицей-мектебінің түлегі – кәсіпкер Мереке Байжан пән олимпиадасында жетістікке қол жеткізген 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындады. 

Биылғы желтоқсан айының стипендиясы Кенесары Тойболдин мен Алина Оразбековаға табысталды. 

Кенесары география пәнінен өткен облыстық олимпиадада 2-орын алған. Жетекшісі – Үміт Кенжебекова.  Алина  –  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық деңгейде 3-орын иегері, халықаралық Қанипа Бітібаева атындағы олимпаиаданың жүлдегері. Сондай-ақ, облыстық көптілділік олимпиадасында 1-орынды жеңіп алған. Жетекшісі – Гүлсара Исабаева.