Павлодарда екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты үйде оқиды

Павлодарда екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты үйде оқиды
Фото: Константин Шелков

Аяздың беті қайтар емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

15 желтоқсанда  Павлодар қаласының мектептерінде екінші ауысымдағы мектепалды, 1-4-сыныптардың оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. 

Қазіргі уақытта ауа температурасы – 25 °C көрсетсе, желдің жылдамдығы секундына 2 метрді құрайды. 

Еске сала кетейік, бірінші ауысымдағы 1-4-және мектепалды сынып оқушылары сабақты қашықтықтан оқыды.