Май ауданы оқушылары асханаға 200 келіден астам қызылша жинады

Май ауданы оқушылары асханаға 200 келіден астам қызылша жинады
Фото: pixabay.com

Малайсары жалпы орта білім беру мектебі жанындағы учаскеде қызылша өсірілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқыту және тәрбиелеу жүйесінде мектеп жанындағы учаскеге маңызды орын беріледі. Оқу-еңбек қызметі оқушылардың бойында танымдық қызығушылықты дамытуға көмектеседі. 

 –  Жылда мектеп учаскесінде картоп, сәбіз және басқа да түрлі көкөністер егеміз. Биыл 200 келі қызылша алдық. Бұл – ауылдың кішкентай мектебі үшін мол өнім. Оқушылар жаз бойы өздері күтіп, арамшөбін жұлды. Жарты айдан кейін картоп қаза бастаймыз, – дейді  Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің директоры Анар Жетібаева.

Оның айтуынша, енді асхана мәзірінде өз учаскесінде өсірілген көкөністер қолданылады. Құнды пайдалы қасиеттері бар таза экологиялық өнімді пайдалану жас ағза үшін маңызы зор. 

Балалар өсімдіктерге күтім жасай отырып, жерде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді, химиялық тыңайтқыштарды қолданбай көкөністерді өсірумен танысады.