Екібастұзда үйде қамалып қалған сәби құтқарылды
Бүлдіршіннің жасы небәрі екіде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде сағат 18:00 шамасында 2022 туған бала қамалып қалғаны жайлы хабарландыру түскен.
– Бүлдіршін есіктің күршегін өзі аша алмаған. Оқиға орнында екі құтқарушы және учаскелік полиция қызметкері жұмыс істеді. Төтеншеліктер үй иесінің рұқсатымен есікті арнайы құралмен ашты, – деді департаментте.
Баланың денсаулығына зиян келтірілмеген, зардап шеккендер жоқ.