Павлодар облысында қанша шаруа жемдік астыққа тауарлық несие алуға ниет білдірді?

Павлодар облысында қанша шаруа жемдік астыққа тауарлық несие алуға ниет білдірді?
Фото: pexels.com / 42 North

Жалпы 2300 тонна астыққа өтінім түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жемдік астықты беру бойынша арнайы өңірлік бағдарламаның іске қосылғаны туралы еске салды. 

– Осы аптаның басында біз Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жемдік астықты тауарлық несие ретінде арнайы өңірлік бағдарламасы іске қостық. Бұл несие 1 қарашаға дейін  бастапқы төлемсіз, кепілдіксіз және пайызсыз беріледі. Бүгінгі таңда 190 шаруашылық қана 2300 тонна астыққа өтінім түсірді. Бұл біз күткеннен аз болды, – деді аймақ басшысы. 

Оның ойынша, қолдау шаралары туралы ақпарат мал өсірушілерінің барлығына жетпеген сыңайлы. Сондықтан да, Асайын Байханов шаруалардан аталмыш бағдарламаға тағы да назар аударуды сұрайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

Еске сала кетейік, қолайсыз ауа-райының салдарынан аймақтағы жайылымдардың жекелеген учаскелерінде мұзқатқақтардың пайда болуына байланысты жылқылардың тебіндеуіне және басқа да малдарды жайылымға шығаруға қиындықтар туғызуда. Павлодар облысының әкімінің тапсырмасымен «Павлодар «ӘКК» АҚ арқылы жемдік астықты тауарлық несие ретінде беру бойынша мал өсірушілерге көмек көрсетудің өңірлік бағдарламасы әзірленді. Несиені алу үшін аудан әкімдіктеріне жүгіну қажет.

Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 

• 8 777 097 97 77 - «Павлодар» ӘКК, 

• 8 777 332 51 12 - облыстың АШБ.