Екібастұзда 15 жастағы оқушы қыз табылмай жатыр

Екібастұзда 15 жастағы оқушы қыз табылмай жатыр

Динара Омарова үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Vita еріктілерінің мәліметінше, Бұқар жырау көшесі, 286 Б мекенжайы бойынша орналасқан үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Қазіргі таңда оның қайда жүргені белгісіз.

Біздің іздеушілер 15 жасар қызды іздеумен болды. Таңғы бесте ғана іздеуді тоқтатты. Қала тұрғындарынан сұрастырып, дүкендер мен дәмханалар, басқа да нысандар тексерілді. Білім беру бөлімі мен құқық қорғау органдарының өкілдері де белсенді іздеу шараларын жүргізуде, – дейді еріктілер. 

Динара Омарова  қоңыр күртке мен сұр бас киім, қара бәтіңке киген.  

Еріктілер оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 778 295 97 55 (Самал)  телефон нөмірлері бойынша дереу хабарласуды сұрайды.