Павлодар облысында 50-ден астам кәсіпорында санитарлық талаптар бұзылған

Павлодар облысында 50-ден астам кәсіпорында санитарлық талаптар бұзылған
Фото: Константин Шелков

 Санитарлық талаптардың бұзылуы бойынша облыс орталығы көш бастап тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өнеркәсіптік кәсіпорындарда  көбінесе келесідей санитарлық талаптардың бұзылуы кездескен: желдеткіштің шамадан тыс шуы, кондиционер, күйік иісі, термиялық өңдеу сапасы, тағамда жәндіктердің болуы, арнайы киімнің жоқтығы, антисанитария.  

– 2022 жылы тексерулер нәтижесінде өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша үш мейрамханада, бес дәмханада, 44 асханада халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бұзушылықтар анықталды, – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі,  департаментке өндірістік кәсіпорындарға қатысты 2022 жылы 9 шағым, ал 2023 жылдың екі айында екі шағым түскен. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда әлеуметтік желі қолданушылары zhaloby_pavlodar парақшасында қырыққабат жапырағының үстінде  жыбырлап бара жатқан жәндік түсірілген видео жариялаған болатын.  Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде  аумақтық басқармға сауда нысанына қатысты шағым түспегенін хабарлады.