Ақсуда есірткіге мас жүргізуші қамауға алынды
Тәртіп сақшылары қозғалысы күдік тудырған ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, куәландыру нәтижесі 40 жастағы жүргізушінің каннабиоидтарды қолдану салдарынан есірткіге мас күйінде көлік жүргізгенін растады.
– Жүргізуші жауапқа тартылды. Сот жүргізушіні жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды, – деді Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.
Сондай-ақ 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.