Орта Азия елдеріне Павлодар облысы аумағынан жарты миллион тоннадан артық астық тасымалданды
«Сұр» астық экспорты арқылы 2022 жылы 77 млрд теңге пайда тапқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар облыстық экономикалық тергеу департаметі 1-жедел басқармасының басшысы Жоламан Қиналбеков хабарлады. 2022 жылы Павлодар облысының аумағынан осы елдерге 77 млрд теңгеден астам сомаға 620 мың тонна көлемінде астық экспорты жүзеге асырылғаны анықталды.
Сондай-ақ өткен жылы жалпы сомасы 4 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазу арқылы «сұр» экспортқа ықпал еткен бес адамның кінәсі анықталып, дәлелденді. Олардың барлығы сотталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
- Осылайша, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жалған экспорттаушылардың көпшілігі астықты Ресей Федерациясынан экспорттағаны анықталды, өйткені ол арзанырақ және оған жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы Қазақстандық тектес ойдан шығарылған көрініс беріп, оны арзандатылған теміржол тарифі бойынша үшінші елдерге шығарылған, - дейді Жоламан Қиналбеков.
Бүгінгі таңда осындай ірі заңсыз экспорттаушылардың бірінің қызметі тоқтатылды, ол осылайша таяу шет елдерге 1 млрд.теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна көлемінде Ресейлік астықты шығарып, «ҚТЖ ҰК» АҚ-ға 150 млн теңгеге жуық сомаға залал келтірді. Тергеу жалғасуда, соңғы үкімді сот шығарады.
Фото: Константин Шелков