Павлодар облысында бір әскери қызметші қаза тауып, бірі жарақат алды
Әскери бөлімдердің бірінде болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ алдын ала мәліметтеріне сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші бекітілген қарудан оқ атқан. Оқиға салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған, ал тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
№1 Павлодар қалалық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2001 жылы туған сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты, алайда ауыр деп бағалануда. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.
Тергеу барысы ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бақылауында.