Павлодар облысында тас жолда жайылған жылқылар апаттық жағдай туғызды

Павлодар облысында тас жолда жайылған жылқылар апаттық жағдай туғызды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қараусыз мал иесі анықталғанға дейін айып тұрағына қамалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Ребровка ауылының жанындағы Русская Поляна-Атамекен автожолының жүріс бөлігінде иесіз жүрген жылқылар апаттық жағдай туғызғаны туралы хабарлама түскен.

–  Тәртіп сақшылары мал иесін анықтап, жауапқа тартты. Мал айып тұрағына айдалды, – деп хабарлады департаментте.

Полиция автомобиль жолдарында жүрген жануарларға қатысты мәселелерді шешу үшін 102 телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет екенін еске салды.

Тәртіп сақшылары қараусыз жүрген мал табылған жағдайда иесі анықталғанға дейін малды уақытша ұстау орындарына айдайды және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған.