Павлодар облысында хабарсыз кеткен төрт адам іздестірілуде

Павлодар облысында хабарсыз кеткен төрт адам  іздестірілуде
Фото: Константин Шелков

Жақындары мен туыстары олардың шығып кетіп, қайта оралмағанын айтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, жыл басынан бері облыс бойынша хабарсыз кеткен төрт адам іздестірілуде. Ал ресми тізім бойынша жоғалғандардың саны одан да көп. 

– Мәселен, Арайлым Хаджаева қаңтар айынан бері желіге шықпай қойған. Іздестіру тобы да оны іздеуге кеш шыққан. Себебі, жақындары кеш хабарласқан. Өкінішке орай, жоғалған адам жайлы ешқандай ақпарат, айғақ жоқ. Ол басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін, – дейді еріктілер. 

Жоғалған әйел адамдардың тағы бірі – Лидия Кукшина. Ол Қамзин мекенжайына орналасқан үйінен шығып кеткен және қайтып оралмаған. Еріктілер жоғалған адамдардың фотосуреттері қала ішінде ілінген, алайда ешбір хабар жоқ.

Павлодар қаласында жоғалғандардың ішінде бұрынғы жаттықтырушы Сергей Курятков та бар. Ол да мамыр айында  хабарсыз кеткен. 

Екібастұз қаласында 1989 жылы туған Андрей Анисимовтың жоғалғанына бір айға жуық уақыт болған. Еріктілердің айтуынша, ол жұмыс істеуге кетіп қалуы мүмкін.

 

Егер де сіз бұл адамдарды көрсеңіз немесе тұрып жатқан мекенжайын білсеңіз,  келесі нөмірге хабарласыңыздар: +7(747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 Светлана.