Павлодарда көпірде шыққан өрт сөндірілді

Павлодарда көпірде шыққан өрт сөндірілді
Фото: облыстық ТЖД

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1 ақпан күні «101» қызметінің пультіне түскен хабарлама бойынша оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жедел түрде жіберілді. 

Облыстық ТЖД хабарлауынша, өрт №5 тірек маңында тіркелген. Онда жылу оқшаулағыш материал, қорғаныш жамылғысы және қалыптың ағаш конструкциялары жанған. Өртті сөндіру жұмыстары биіктікте орналасқан, жетуі қиын учаскелерге байланысты күрделене түскен. 

– Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт 100 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Жалынның көпірдің басқа конструкцияларына таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, – деді департаментте. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған. Сондай-ақ, кеше және бүгін болған өрттердің шығу себептері арасында тікелей байланыс жоқ екені атап өтілді.