Павлодар облысында жылыжай мәселесі талқыланды
Мәжілісмендер Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешеніне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин мен «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Екібастұздағы «Greenhouse Qaztomat» ЖШС кәсіпорнын аралады. Жылыжай 2016 жылдан бері жұмыс істеп, елді қызанақ, баялды және қиярмен қамтамасыз етеді. Жұмыс сапары барысында депутаттар Павлодар облысының жылыжай жүйесінің мәселелерін қарады.
Кәсіпорын директоры Аңсат Жәнатаев заң сегіз жыл бұрын пайда болған вирустың кесірінен егінді жоюды талап ететінін атап өтті.
– Жақында коронавирусқа ұқсас вирус табылды. Ол 8 жыл бұрын пайда болды және бүгінде адамдарға да, өсімдіктерге де қауіп төндірмейді. Бізде өсіретін вакцинацияланған шетелдік будандар бар. Бірақ заңнама әлемдік тенденцияларға ілеспегендіктен, бес гектар жердегі шетелдік қызанақты жоюды талап етіп отыр, – дейді Аңсат Жәнатаев. – Ауруға шалдыққан өсімдіктер 14 күннен кейін өледі, ал біздікілер әлі өсіп жатыр. Бұл олардың мүлдем сау екенін білдіреді.
Директор бес гектар егінді құрту арқылы бүкіл кәсіпорынның табысын жоғалады деп алаңдайды.
«Greenhouse Qaztomat» - Қазақстандағы ең үлкен жылыжай. Ауданы - 30 гектар. Жылына алты тоннадан сегіз тоннаға дейін өнім өндірілмек. Жылыжай шаруашылығында 500-ге жуық адам жұмыс істейді.
Көкөністер жасанды жарықтандыру арқылы голланд технологиясы бойынша қорғалған топырақта өседі. Тұқым Голландиядан да әкелінеді. Тозаңдандыруға арналған аралар Англиядан сатып алынады. Тыңайтқыштар да шетелден әкелінеді. Бұл - жылыжайдың басты мәселесі.
– Жылыжай шаруашылықтарының сырттан әкелінетін тұқымға тәуелділігі – басты түйткілді мәселелердің бірі. Бұл проблема Парламентте талқыланған болатын. Мемлекет басшысының өзі осындай күрделі мәселеге назар аударды, - деді «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев. - Президент тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша үлкен кешенді бағдарлама жасауды тапсырды. Екі жыл өтті, ілгерілеу жоқ. Осы жерге келгеннен кейін біздің бұған тағы да көзіміз жетті. Тіпті, жәндіктерді сатып аламыз. Дамуға қаржы бөлініп жатыр, бірақ бәрі басқа елдерден әкелінеді. Біз бұл мәселелерді мұқият зерттеп, шешетін боламыз.
Серік Егізбаев екібастұздық жылыжай шаруашылығының субсидиялау мәселесін де атап өтті. Ол да бақылауға алынады.
Техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық, агрономиялық бөліктерде ақау жоқ. Өнімнің 90 пайызы бүкіл Қазақстан бойынша белсенді түрде сатылуда. Сонымен қатар, көкөністер шетелге де жеткізіледі.
Фото: Әсия Серікова
Әсия Серікова