Екі күнге Павлодар-Астана бағытымен қосымша пойыздар шығады

Екі күнге Павлодар-Астана бағытымен қосымша пойыздар шығады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жолаушыларды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы  қосымша тіркеме вагондарды тағайындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

5 және 8 қаңтарда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның үш филиалымен қамтамасыз етілетін 76 қосымша тіркеме вагоны шығады.  

5 қаңтарда Павлодарға Астанадан №7510 «Нұр-Сұлтан 1 – Павлодар» электр пойызы сағат 16:45-те шығып, сағат 23:20-да жетеді. 7 қаңтарда Павлодардан №7509 «Павлодар – Нұр-Сұлтан 1» электр пойызы сағат 11:57-де жөнелтіліп, Астанаға сағат 18:49-де келеді.

Қосымша қала маңы пойыздарына билеттер сату ашық. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.