Павлодарда сарымсақ бағасы арзандады
Облыс орталығындағы дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қала әкімі Ержан Иманзаипов дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізді. Құрамында қоғамдық кеңестің төрағасы Игорь Веретнов болған жұмыс тобы тұрақтандыру қорының тауарларын сататын бірқатар сауда нүктелерін аралады.
- Тексеру көрсеткендей, «Greenwich», «INMART» супермаркеттерінде және «Арзандау» әлеуметтік дүкенінде 1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 95 теңгеден сатылуда. Келесі аптадан бастап осы баға бойынша нан «Small» дүкендерінде де сатылатын болады. Қазір мұнда нан бағасы 120 теңге, - делінген хабарламада.
Мониторинг барысында «Small»-да пияздың 1 келісі үшін 353-тен 158 теңгеге дейін, қарақұмық жармасының келісі 510-нан 409 теңгеге дейін, сәбіз 147-ден 120 теңгеге, 1 санаттағы жұмыртқа 551-ден 465 теңгеге дейін төмендеді.
«INMART» сауда желісінде макарон өнімінің 1 келісі 370-тен 357 теңгеге дейін, қарақұмық жармасы 473-тен 396 теңгеге дейін, күріш 418-ден 385 теңгеге, күнбағыс майы 880-нен 831 теңгеге, пияз 281-ден 158 теңгеге дейін арзандатылды.
«Greenwich»-те пияздың бағасы 281 теңгенің орнына 161, күріш 605-тің орнына 399, қырыққабат 125-тің орнына 104 және айран 333 теңгенің орнына 300 теңгені құрады.
Қала тұрғындары арзандатылған өнімді «Арзандау» дүкенінен де сатып ала алады.
Айта кетейік, қала әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 атауына баға мониторингін әлі де жалғастырады. Сондай-ақ, бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді.
Бағаны ұстап тұру және тұрақтандыру аясында апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Онда өнім нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағада сатылады.