Өрт сөндірушілер Павлодарда көлік жарылысының алдын алды

Өрт сөндірушілер Павлодарда көлік жарылысының алдын алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«101» қызметінің пультіне хабарлама 21 қазан күні сағат 13:16-да түскен. Оқиға Айманов көшесі, 28 мекенжайында орын алды.

– Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі Toyota Lite ACE маркалы көліктің жануын тоқтатты. Жалынның таралу аумағы 1,5 шаршы метрді құраған, от жеке заттар мен электр құралдарын шарпыған. Көлік иесі оқиға орнында болмағандықтан, ықтимал жарылыстың алдын алу мақсатында көлік құралын ашу туралы шешім қабылданған. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында оттың әрі қарай таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталуда.