Павлодар қаласының шетіндегі ауылда сегіз көшеге асфальт төселеді
Қала әкімі Жетекші ауылының тұрғындарымен абаттандыру жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғындармен кездесуде Ержан Иманзайыпов ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тұстарын атап өтті.
2022 жылы жеке тұрғын үй құрылысы ауданында су құбыры желілерін тарту жұмыстары басталды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған.
- Ауыл тұрғындарын абаттандыру мәселесі ерекше қызықтырады. 2023 жылы Жетекшідегі сегіз көшеге асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз. Теміржолшылар шағынауданының тұрғындарынан бірнеше өтініш түсті. Олар Жетекші екеуінің арасына жаяу жүргіншілер белгісін, сондай-ақ жаңа мектеп жанындағы жолға жасанды төмпешік орнатуды сұрап отыр. Орынбасарыма осы мәселелерді қарауды тапсырдым, - деді әкім Instagram парақшасында.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Теміржолшылар ауылында бейнебақылау камералары орнатылады. ТҮКШ бөлімінің мамандарына камераларды орнататын орындарды анықтау үшін тұрғындармен кездесу тапсырылды, деп қосты Ержан Иманзайыпов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Константин Шелков