Павлодарда жеті көп қабатты тұрғын үй сусыз қалды

Павлодарда жеті көп қабатты тұрғын үй сусыз қалды
Фото: gazetabalakovo.ru

Жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС келтірілген уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды. 

Естай көшесі, 142 және Кривенко көшесі, 87 ауданында «Даниер» ЖШС компаниясымен жер жұмыстарын жүргізу кезінде құбыр зақымданған.  Осыған байланысты 8 маусым күні келесі үйлерде уақытша су өшірілді: Естай көшесі, 142, 132, 134/1, 134/2, 143, 141, 142/5.