Еліміздің 13 азаматы мен олардың отбасы Түркиядан ұшақпен елімізге қайтарылды

Еліміздің 13 азаматы мен олардың отбасы Түркиядан ұшақпен елімізге қайтарылды

Түркиядағы 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Қазақстанға жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл туралы Түркиядағы Қазақстан елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

«Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардан жиналған 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері және 2 Түркия азаматы Қазақстаннан келген ұшақпен Алматыға қайтарылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, соңғы мәлімет бойынша, Түркияда 38 мыңнан астам, Сирияда 6 мыңға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды.

Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлді.