Май ауданында топтық су құбырында ақау пайда болды
Тәуліктің соңына дейін апатты жою жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты.
– Бүгін сағат сегіз отызда Нұра топтық су құбырында ақау пайда болғаны анықталды. Шыған мен Бозша ауылдарының ортасында тұрғындарға белгілі Змеиная балка деген жерде құбыр жарылған жер белгілі болды. Ол жерден тікелей эфирге шыға алмадым. Себебі байланыс жоқ. Эксковатор қазып жатыр, – деді Ағыбай Әмірин.
Аудан әкімі тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырып, тәуліктің соңына дейін ақауды жою бойынша барлық шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Оқиға орнында аудан әкімінің орынбасары Әділет Сыздықбаев мен Нұра топтық су құбыры Май ауданы бойынша филиалдың директоры Арман Оспанов жұмыскерлермен жұмыс істеуде.
Сондай-ақ аудан әкімі аяз кезінде тұрғындарға жолға шықпауға кеңес берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram