Павлодарда көпбалалы анаға көмек көрсетілді
Төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығына 1986 жылы туған көпбалалы ана түсті. Осыған дейін ауылда тұрған.
–Көпбалалы ана тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кейін және тұрғын үйдің жоқтығы себебінен орталыққа келді.
–Орталықта оған: үлкен қызы мектепке, ұлдары балабақшаға қабылданды, оны жұмысқа орналастырды, ажырасуды рәсімдеді, бүгінгі күні ол балаларға алимент алады, баспана алу үшін кезекке қоюға көмектестік, – дейді орталықта.
Әйелге және балаларға моральдық-психологиялық және заңгерлік көмек көрсетілді.
Орталық Павлодар қаласы, Қамзин көш. 20/1 мекенжайында орналасқан.
Байланыс телефоны: 8(7182)54-03-03, 62-55-85.