Павлодар облысында Counter-Strike екі ойын шеберлері арасында турнир өтеді

Павлодар облысында Counter-Strike екі ойын шеберлері арасында турнир өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған 16 жастан бастап кез келген тілек білдірген азамат қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

25 ақпанда Counter-Strike 2 ойыны бойынша турнир ұйымдастырылады. Шара Торайғыров университеті, IT-School және Павлодар облысының ақпараттандыруды дамыту орталығы Pavlodar Hub-пен бірлесіп, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өтеді. 

– Павлодар облысында өтетін ауқымды Киберспорт турниріне қатысуға Counter-Strike 2 ойын шеберлерін шақырамыз. Өз командаңызды жинап, өтініш беруге асығыңыз. Бұл сіздің киберспорт әлемінде өзіңізді көрсету мүмкіндігіңіз,–делінген хабарламада.

Қатысам деушілерге 20 ақпанға дейін тіркеу ашық. 23-24 ақпанда онлайн іріктеу басталады, ал 25 ақпанда финал болады. 

Барлық мәліметтер мен тіркеу формасы @itschool.to @pavlodar.hub парақшаларында жарияланған.