Павлодарда СҚО музей бірлестігі қор коллекциясынан көрме ұсынады

Павлодарда СҚО музей бірлестігі қор коллекциясынан көрме ұсынады
Фото: Константин Шелков

Көрермендер археологиялық ескерткіштерді тамашалай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Ertis» музейінде 11 қазан күні сағат 11.00-де Петропавл қаласының «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесінде біздің дәуірімізге дейінгі IV-III мыңжылдықтағы «Ботай қонысы» археологиялық ескерткішінің бірегей артефактілері ұсынылады. 

Көрмеде фото және видео материалдар, құрал-саймандар, керамика, рухани мақсаттағы заттар, қос тұрғын үйдің макеті, ежелгі өндіріс орындарын қайта құру, сондай-ақ интерактивті аймақтар қамтылады.