Павлодарлық кітапханашы Абайдың 180 жылдық мерейтойлық медалімен марпатталады

Алпысбай Хонж ұлы ақынның мүшайрасынан арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай кітапханашылар мен осы салада қызмет ететін ақындар арасында республикалық жыр мүшайрасы өтті. Мұндай шара елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға 100-ге жуық үміткер өтінім берген. Ереже бойынша, әрқайсысы 2 шығармадан жолдады. Бірі – Абай шығармашылығына арналса, екіншісі – кітапханашы мамандығы туралы.
Аталған шараға Торайғыров кітапханасы С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының басшысы, ақын Алпысбай Хонж қатысып, арнайы жүлдеге ие болды.
Сонымен бірге, ол Абайдың 180 жылдық мерейтойлық медалімен марпатталады. Қатысушылардың туындылары «Абайдың алып айдыны» атты жинаққа енген. Марапаттау кешінде осы кітаптың да тұсаукесері өтті.
Қатысушылардың барлығына арнайы Алғыс хаттар табысталды. Халықаралық Абай қоры мүшайра демеушісі ретінде болды.