Павлодарлықтар мобилографиядан тегін курстарға қатыса алады

Павлодарлықтар мобилографиядан тегін курстарға қатыса алады
Фото:pixabay.com

Орындар саны шектеулі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Луч» шығармашылық бірлестігі фото-бейне түсірілім және монтаждау негіздері бойынша тегін курстарға қабылдау жариялайды. Іс-шара Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі, «Кенжекөл жастары» , «Жастар салауатты өмір салты үшін» қоғамдық бірлестіктері және Жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен өткізіледі.

Курс бес бағытты қамтиды:

  1. Фототүсірілім негіздері (фотоаппарат құрылғысы, фотография жанрлары, кадр құрамы, фото тәсілдер және т. б.);
  2. Бейнетүсірілім негіздері (түсірілім аппаратурасы, бейнекамера құрылғысы, жоспарлары мен бұрыштары, түсірілім тәсілдері және т. б.);
  3. Бейнені монтаждау (ұялы телефонда, компьютерде монтаждау, оның түрлері, монтаждау тәсілдері, бейне-фото және дыбысты монтаждау, сақтау және түрлендіру және т. б.);
  4. Сценарий және режиссура (кино сценарий жазу технологиясы, режиссерлік-операторлық сценарий, режиссерлік тәсілдер және т. б.);
  5. Кадрда жұмыс істей білу (дикция және образ бойынша жұмыс, кадрдағы жұмыс сынамасы).

Курсқа 12 адам қабылданады. Курстардың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттар алады, сондай-ақ өздерінің шығармашылық жобаларын (бейнеролик, фильм, фотосессия және т. б.) қорғайды. Курсқа тәжрибесі болмаса да, 14 пен 35 жас аралығындағы жастар шақырылады.  

Курсқа қатысуға өтінімді +7 (747) 293-93-54 нөмір бойынша беруге болады. Өтінімдер 13 қазанға дейін қабылданады. 

Сабақтар Мәшһүр Жүсіп көшесі, 74 мекенжайында орналасқан «Луч» шығармашылық бірлестігінің базасында өтеді. Курсты 20 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты қосымша білім беру педагогы, кәсіби журналист және тәжірибелі оператор, «Луч» ЖШС басшысы Дәулет Даирбаев жүргізеді.