Павлодарлық домбырашылар пойызда жолаушыларды таң қалдырды
Олар музыкалық жарысқа жол тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, №46 Түркістан-Павлодар бағытындағы пойызда жас күйшілер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған «Қазақтай ел қайда» әнін шырқады.
Балалар Астана қаласына музыкалық жарысқа қатысуға жолға шыққан. Рухты өлеңді естіген пойыз жолаушылары балаларды қолдап, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі жол жүріп, музыкалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында жолаушыларды өздерінің ерекше өнерлерімен тәнті етеді.