Павлодарда автокөлік салондарынан ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

Павлодарда автокөлік салондарынан ұрлық жасады деген күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

29 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдіктінің ісі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша қаралып, бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ, ер адамның өзге ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

- Полицияға екі қала тұрғыны арызбен жүгінді. Ол автокөліктердің салонынан жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам автокөлік керек-жарақтарын ұрлап кеткен. Ұрлық Торговый көшесі бойындағы ТҚК-нің бірінің іргелес аумағында жасалғаны анықталды. Күдіктіден заттай дәлелдемелер табылды және тәркіленді, - делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы облыс аумағында 47 автокөлік ұрлығы тіркелген.

Осыған байланысты, полицейлер азаматтарға ұрылардың құрбаны болмауға көмектесетін ережелер туралы ескертеді. Онда көлік құралын ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауға, әсіресе қымбат заттар мен құжаттарды, көліктің терезелері және есіктерін ашық тастамауға кеңес береді.