Павлодарлықтар өз бизнес-идеяларына шағын несие ала алады
24 сәуірде сағат 11:00-де Өңірлік даму орталығында конкурстық комиссияның отырысы басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мекенжайы: Жеңіс алаңы, 5б, мәжіліс залы. Отырыс барысында жастарға 2,5% жеңілдікпен несие беру шеңберінде үміткерлердің өтініштері қаралады.
– Комиссияның қарауына өтінім берген және «Аграрлық кредиттік корпорацияның» қорытындысын алған үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша келіп, комиссия алдында өздерінің бизнес-жобаларын қорғауға дайын болуы қажет. Қатысушылардың өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.
Отырысқа өтінім берген үміткердің өзі қатысуы тиіс, сонымен қатар бейнебайланыс арқылы қатысуға болады.
Қосымша ақпаратты басқармадан мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7182) 32-44-40, 32-44-80.