«Жүрегі үш рет тоқтады»: өте ауыр науқасты Павлодар медавиациясы құтқарды
Тасымалдау кезінде медициналық топ 68 жастағы ер адамға үш рет реанимациялық шаралар тағайындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Науқасты облыстық кардиохирургиялық орталыққа медавиациясы арқылы ауыстыруға өтінім 15 тамызда Екібастұздан келіп түскен. Ер адам жергілікті ауруханаға «жүректің ишемиялық ауруы, толық атриовентрикулярлық блокада» диагнозымен келген. Бұл шақыртудың ерекшелігі – науқасты тасымалдау үшін уақытша кардиостимулятор қою керек болған.
– Дәрігер-реаниматолог бұл тапсырманы орындап, науқас бортқа кіргізілді, алайда бірден дефибриллятор мониторындағы барлық индикаторлар нөлдерді көрсете бастады, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медавиацияның аға фельдшері Алия Махамбетова. – Біз реанимациялық шараларды орындауға кірістік. Ер адам өмірге қайта оралғандай болған кезде, оның тынысы тоқтап қалды. Тағы да реанимациялық шараларға жүгінуге тура келді.
Жалпы, сапар барысында науқаста үш рет жүрегі тоқтаған. Ұшу жағдайында жүректі «іске қосу» тіпті арнайы жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің болуымен өте қиын екенін түсіну керек. Сондықтан бұл жағдайды нағыз ғажайып деп атауға болады.
Ер адам кардиоорталық мамандарына тапсырылап, онда дереу реанимация бөліміне жатқызылды.