Павлодарда мас күйінде жанжал шығарғандар ұсталды

Павлодарда мас күйінде жанжал шығарғандар ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласындағы Осипенко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен ер адамдар арасында жанжал шықты деген хабарлама түскен.

 –  Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Барлық қатысушылар анықталып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, – деді департаментте.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, көпшілікпен жасалған бұзақылық фактісі бойынша, көпір маңында орын алған оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

–  Ұсталғандардың біріне қатысты билік өкіліне тіл тигізу фактісі бойынша қылмыстық іс басталды. Қазіргі уақытта бұл адамға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі сотта қаралуда, – деді департаментте.

Ұсталғандардың бірінің оған дене жарақаты келтірілгені туралы мәлімдемесіне қатысты – бейнежазбаларды зерделеу нәтижесінде, жарияланымда көрсетілген полиция қызметкерлері тарапынан дене жарақаты келтірілгені расталмаған. Дегенмен, сол мәлімдемені жан-жақты және объективті қарастыру мақсатында тиісті тексеру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық бейнесін қалпына келтіру және құқыққа қарсы әрекеттердің себептерін анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.