Павлодарда білім беру бөлімінің басшысы көшпелі жеке қабылдау өткізеді

Павлодарда білім беру бөлімінің басшысы көшпелі жеке қабылдау өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаланың бас педагогі ата-аналардың сұрақтарына жауап беретін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

27 қарашада М.Әуезов мектеп базасында білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин және бөлім мамандары көшпелі қабылдау өткізетін болады.

– Қабылдауға мектепке дейінгі білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық, жалпы орта білім беру, кадрлармен жұмыс және тәрбие жұмысы секторының мамандары қатысады,– делінген хабарламада. 

Өткізу уақыты сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін.

Ал 27 қараша күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін еңбек заңнамасының өзекті мәселелері, аттестаттауды өткізу және педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша педагогтердің жеке қабылдауы өтеді.