Павлодар облысының ХҚКО-ларында көбінесе қандай қызметтер көрсетіледі
2023 жылдың басынан бері 160 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, өңір тұрғындары арасында электрондық-цифрлық қолтаңба алу және көлік құралын тіркеу ең үздік сұраныстардың қатарында.
Өңір тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры және жылжымайтын мүлік бағыттары бойынша қызмет ала алады.
– 2022 жылдың осы кезеңінде 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде ЭЦҚ беру бойынша – 82 мың қызмет, автокөліктерді тіркеу желісі бойынша – 21 мың, жылжымайтын мүлік желісі бойынша – 16 мың, жүргізуші куәлігін беру бойынша – 11 мың қызмет, – дейді филиалда.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерге «Мобильдік ХҚКО» қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады.