Павлодарда жылу мамандары колледж студенттерімен кездесті

Павлодарда жылу мамандары колледж студенттерімен кездесті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу Политехникалық жоғары колледжінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіп туралы толығырақ білуге және мамандарға сұрақ қоюға тек болашақ энергетиктер ғана емес, сонымен қатар слесарь мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер мен бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласының болашақ мамандары да келді.

Компания мамандары студенттермен кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырады. Мұндай шаралар екі тарап үшін де пайдалы. Студенттер әрдайым тәжірибелі мамандардан кәсіптің қыр-сырын, Павлодар өңіріндегі жұмыстың ерекшеліктерін қызығушылықпен сұрайды. Ал энергетиктер өз кезегінде болашақ мамандарды кәсіпорынға жұмысқа шақыру мүмкіндігіне ие болады.

– Жылу желілері – халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі. Олар үйлерге, оқу орындарына, кәсіпорындарға жылу жеткізеді. Бүгінде өмірді қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптар өте жоғары, сондықтан біздің кәсіпорын да үнемі дамып келеді. Сіздер қазір осы саланы меңгеріп жатырсыздар. Біз сіздерге, жастарға үлкен үміт артамыз және кәсіпорында сіздерді күтеміз, – деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженері Сергей Панихин.

Компанияның кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі – Павлодар облысындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен өзара байланыс орнату.

– 2015 жылы «PROFENERGY» жобасын жүзеге асыру басталды. Оның аясында жас мамандарды қолдау және оқу орындарының түлектерін кәсіпорындарға тарту бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба негізгі кәсіптерді дамытуға және қызметкерлердің білім деңгейін арттыруға бағытталған, – деп атап өтті «Павлодар жылу желілері» ЖШС персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Марина Сарычева.

Студенттер жылу желілерінің мамандарын қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.