Павлодар әкімі қала тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады

Павлодар әкімі қала тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтар кәріз жүйесіне, үйдің жертөлелері мен ауладағы жолдың сапасына шағымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала басшысы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасына сәйкес Днепропетровская көшесі, 84 мекенжайында орналасқан үйдің тұрғындарымен жүздесті.

Қала тұрғындары жылумен және сумен қамту, кәріз сияқты бірнеше мәселені айтты.

Қорытындылай келе, тұрғын үй инспекциясы бөліміне «Павлодар жылу желілері» ЖШС-мен бірлесіп, рециркуляция әдісімен қысым беруді арттыру немесе қосымша насос орнату мәселесін пысықтауды тапсырдым. Жылыту маусымы басталғанға дейін бұл мәселе шешілетін болады. 5 маусымға дейін ыстық су қосу жоспарланған, – деді Хасар Хабылбеков.

Сондай-ақ, тұрғындар кәріз жүйесінен шығатын жағымсыз иіс пен үйдің жертөлелерін су басатынына шағымданды. Қала әкімі «Павлодар-Водоканал» ЖШС-мен бірге кәріз жүйесін зерттеп, ақауларды жоюға уәде берді. Одан бөлек, маусым айында аула ішіндегі аумақтар асфальтталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)