Екібастұзда жыл басынан бері мыңнан астам тыныштық бұзушы анықталды

Екібастұзда жыл басынан бері мыңнан астам тыныштық бұзушы анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен түні шулы көршілерге қатысты екі шақыру тіркеліп, патрульдік полиция шара қолданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тыныштықты бұзу – тұрғындардың жиі шағымданатын мәселелерінің бірі.

– Өткен түнде Б. Момышұлы көшесіндегі үйдің тұрғындары «102» пультіне жүгінді. Шақыру бойынша келген патруль алкогольдік ішімдіктерді ішіп отырған шулы компанияны тапты. Барлығы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Сағат 2:00 шамасында Царев көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындары көршілеріне шағымданды, онда пәтер иелері қатты дауыстап сөйлеп, күлген. Учаскелік инспектор пәтер иесіне қатысты тыныштықты бұзғаны үшін хаттама толтырды, – делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, тыныштықты бұзғаны үшін жұмыс күндері сағат 22:00 – 9:00 аралығында, демалыс және мереке күндері 23:00 – 10:00 аралығында 5-тен 100 АЕК-ке (19 660 теңгеден 393 200 теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.

– Халықтың сұраныстарына жедел ден қою – полицияның басымдығы. Үлкен тиімділік үшін түнгі уақытта жедел әрекет ету тобы шығады, оның құрамында учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бар. Тәжірибе көрсеткендей, қиындықтардың көп бөлігі – тыныштықтың бұзылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық және масаң күйде болу жағдайлары. Бұл халықтың сигналдарына барынша жедел ден қоюға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Полицияның айтуынша, «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты негізі болып қала береді, ал құқық бұзушылар заң алдында міндетті түрде жауапқа тартылады.