Павлодарда автокөлік қақтығысынан бір адам қайтыс болды

Павлодарда автокөлік қақтығысынан бір адам қайтыс болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Семей автожолында, Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде екі автокөліктің қатысуыменЖКО фактісіорын алды. Салдарынан «Тойота Corolla Spacio» автокөлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды, қылмыстық іс қозғалды.

–  Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, – деді департаментте.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға ауарайының өзгеруін бақылау, жылдамдық режимін сақтау, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салды.