Павлодарда асхана жанды

Павлодарда асхана жанды

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 сәуірде сағат 13.43-те Малайсары батыр көшесі, 70 мекенжайы бойынша екі қабатты «Асанәлі» асханасының ғимаратында өрт шықты. 

–  Өрт аумағы 290 шаршы метрді құрады. ТЖД күштерімен  1957 жылы туған бір адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда, – деді департаментте.  

Оқиға орнына 34 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды. 

Өрт  сағат 14.58-де оқшауланып, 15.24-те жойылды.