Павлодарда «мина» қойылғаны туралы хатты балабақшалар да алған
Мұндай хат 18 білім беру ұйымының электронды поштасына түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, оның ішінде 5, 9, 14, 17, 23, 28, 30, 33, 35, 38, 40, 43, Б. Момышұлы атындағы, А. Шамкенов атындағы мектептер бар. Сондай-ақ, хабарламада № 10, 45, 50, 57 балабақшаларға қауіп төніп тұрғаны туралы жазылған.
– Бүгін, яғни 2023 жылдың 13 ақпанында сағат 10.51-де Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі орта мектебіне мина қойылғаны туралы хабарлама түскен. Білім ордасы терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесіне сәйкес, «102» қызметіне қоңырау шалды, – деді білім беру бөлімінде.
Оқушылар мен мектеп қызметкерлері мектеп стадионына эвакуацияланып, тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Оқиға орнына арнайы қызмет келіп, мектеп ғимаратын толық зерттеді, алайда ештеңе табылмады. Екінші ауысым штаттық режимде оқыды.
Екі № 34, 35 мектептерде де балалар мен қызметкерлер эвакуацияланды, қалған мектептер мен балабақшаларда эвакуациясыз тексеру жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда полицияға № 34 ЖОББМ директорының электрондық поштасына «мектепте мина қойылған» деген мазмұнмен хабарлама келгені туралы арыз түскен. Жедел топтың қызметкерлері мектеп ғимаратына тексеру жүргізіп, 1115 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 950 оқушы бар. Сондай-ақ №35 ЖБОМ-тен 1000 адам эвакуацияланды.
Хатта белгісіз адам «барлығын жек көретінін» және қалғандары да соны сезгенін қалайтынын жазған.