Павлодарлық көшелердің көркі ақ-қара көрмеде қойылады

Павлодарлық көшелердің көркі ақ-қара көрмеде қойылады
Фото: pexels.com/Suzy Hazelwood

Жергілікті фотографтар 60-тан астам жұмыстың авторлары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 наурызда сағат 15:00-деС.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың «Айна» галереясында «Стрит фотосуреттер: Павлодарлықтар» атты фотокөрменің ашылуы болады. Көрмедегі фотографтардың шығармаларында басты кейіпкерлер –қала тұрғындары.

–  Александр Бичинев пен Евгений Олейник – тәжірибелі павлодарлық фотографтар. Көрмеде 60-тан астам ақ-қара түсті стрит суреттері ұсынылады. Көрменің ашылуында фотографтар өздерінің шығармашылық жолдары, көше фотографиясына қызығушылықтың қалай басталғаны, сондай-ақ әрбір фотосуреттің артында тұрған оқиғалар туралы айтады, – деді кітапханада.

Сонымен қатар, көрме фотографтармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алаңға айналады. Қонақтар сұрақтар қойып, ұсынылған жұмыстарды талқылап, тіпті өздерінің фотографиялық стилін дамыту бойынша кеңестер алады.

Айта кетейік, стрит фотосуреттер – қоғамдық орындарда түсірілген, кездейсоқ оқиғалар мен адамдардың күнделікті өмірін бейнелейтін фотография жанры.