Павлодар облысында жылқылармен соқтығысқан жүргізуші қайтыс болды

Павлодар облысында жылқылармен соқтығысқан жүргізуші қайтыс болды
Константин Шелковтың иллюстративті фотосурет

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түнде Volkswagen жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Ол жолда тұрған екі атқа соғылып, арыққа ұшып кетіп аударылған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 

Жылқылардың иесі анықталды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Новосібір облысымен шекараға 10 шақырым аумақта болған.