Павлодарда көшелердің бірі жабылды

Айналма жол ашық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ АЖ және ЖК бөлімінің мәліметінше, 26 тамызда сағат 20.00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Н. Назарбаев даңғылының шығыс бөлігі Катаев көшесінен Жаяу Мұса көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша жабылды.
Даңғылдың батыс бөлігінде кері бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылады. Бөлім мамандары туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жүргізушілерден бағыттарды алдын ала жоспарлауды өтінеді.