Павлодар облысында қылмыс саны азайды

Павлодар облысында қылмыс саны азайды

Тіркелген қылмыстар саны 16%-ға төмендеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы прокурорының міндетін атқарушы Серік Кәріпбеков мәлім етті. 

Ағымдағы жылдың кезеңінде тіркелген қылмыстар саны 16%-ға азайды. Адам өлтіру деректері 14,3%-ға, алаяқтық 29%-ға, оның ішінде интернет алаяқтық 44%-ға, бопсалау 27%-ға, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар 32%-ға кеміді, – дейді Серік Кәріпбеков.

Спикердің айтуынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күресуге бағытталған шаралар қолға алынып, құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтілуде. Соның нәтижесінде қылмыстардың саны азайып барады. 

–  Сот маусымда 50 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтықтың 46 эпизодын жасағаны үшін 6 адамнан тұратын топты бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, – дейді Серік Кәріпбеков.

Еске сала кетейік, сондай-ақ, прокурорлар  алты мың кәсіпкердің құқығын қорғады және 58 мың гектар жерді қайтарған болатын.

Фото: Константин Шелков