Павлодарда су есептеу құралдарының көрсеткіштерін жіберетін байланыс нөмірі ауысты

Павлодарда су есептеу құралдарының көрсеткіштерін жіберетін байланыс нөмірі ауысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Есепті төрт тәсіл арқылы беруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС 23 мамырдан бастап көрсеткіштер жаңа WhatsApp + 7 771 043 2771 нөмірі бойынша қабылданатынын хабарлайды.

Айта кетейік, барлық су есептеу құралдары бойынша көрсеткіштерді келесі арналар арқылы беруге болады:

  • @Pavlodarvodokanalbot Telegram чат боты;
  • @erc_pavlodar бірыңғай есеп айырысу орталығының парақшасы direct;
  • Call-centr 66-10-10 (9:00-ден 22:00-ге дейін), оның ішінде мереке және демалыс күндерін қоса алғанда.