Jah Khalib 1 маусым күні Павлодарға келмейтін болды

Эстрада жұлдызы Қала күнінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының мәдениет бөлімі 1 маусымда Ertis Promenade маусымы басталатынын еске салды.
– Бұл күнді, әсіресе Jah Khalib-тің өнер көрсетуін қаншалықты асыға күткендеріңізді білеміз. Өкінішке орай, ол бүгін өнер көрсете алмайды. Бірақ қуанышты жаңалық бар: Jah Khalib Павлодарға өте жақын арада — 19 шілде, Қала күнінде келеді, деді ведомствода.
Бүгін облыстың бас сахнасына Мирас Жүгінісов, Akha, Балжан Бидаш, Байтанат шығады. Кеш бағдарламасы жарқын болады деп күтілуде.