Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Минин көшесі, 145;
- Ж. Аймауытов – Сибирская – Малайсары батыр – Минин, Луговая – Береговая – Набережная көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін:
- Лесозавод, Хромзавод шағын аудандары.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Ермаков көшесі, 41/2, 50;
- Лесопосадочная көшесі, 2;
- Солтүстік өндірістік аймақ, 192, 960;
- Орталық өндірістік аймақ, 1240;
- «Рыбник» бау-бақша серіктестігінің тұтыну кооперативі;
- Ермаков, Лесопосадочная, Ақтоғай, Северная, 1-ші Жаңаауыл, Ракетная, Мостовая көшелері бойындағы тұрғын үйлер.