Павлодарлық акробаттар ел біріншілігінде үздік атанды
Республикалық чемпионатқа өңір намысын қорғағандардың екеуі – мектеп оқушысы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Марғұлан университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласында спорттық акробатикадан жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды. Оған еліміздің сегіз қаласынан 150 спортшы қатысты. Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өтті.
Онда Марғұлан университеті өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС-22 тобының студенті Аяжан Ещанова Павлодар облысы құрама командасының қатарында өнер көрсетті. Құрамада Әдина Марат және Яна Рауш сынды мектеп оқушылары өнер көрсетті.
Қатысушылардың айтуынша, жарыстың қорытынды нәтижесі екі негізгі акробатикалық жаттығудан тұрды: тепе-теңдік және секіру. Сонымен қатар, бағдарламаның біріктірілген бөлігі – баланс пен вольтиж үлкен рөл атқарады.
Еліміздегі ең мықты спортшы қыздардың арасында біздің гимнастшылар ең күрделі акробатикалық элементтер мен таң қалдыратын трюктерді тамаша орындап, ең жоғары шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша олар бірінші орынды жеңіп алды.
Айта кету керек, қыздарды спорттық акробатикадан еңбек сіңірген жаттықтырушы Татьяна Коваленко жаттықтырады. Бұған дейін де ол көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған.