Ленин кентінде қайдан көмір сатып алуға болады?

Ленин кентінде қайдан көмір сатып алуға болады?
Фото: Константин Шелков

Ауылдағы қатты отын қоры 145 тоннаны құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауылда «Майкөбен», «Қаражыра», «Екібастұз» сынды сорттарды сатып алатын үш сауда нүктесі бар. Бірақ әзірге сатылымда «Майкөбе» көмірі ғана бар.

«Әпет» жеке кәсіпкерлігінен «Майкөбен» көмірін тоннасы 16 мың теңгеден сатып алуға болады.  Мекенжайы – Саржайлау көшесі, 4/1 ғимараты. Бұл кәсіпкерде сатылымда 25 тонна бар. Ауыл ішінде жеткізу – 1500 теңге.

«Квашина» жеке кәсіпкерлігінен «Майкөбен» көмірін 16 мың теңгеден сатып алуға болады.  Қатты отынды Гауһар батыр көшесі, 1/2 мекенжайы бойынша сатып алуға боалды. Ауыл ішінде жеткізу – 1500 теңге. Сатылымда 20 тонна бар. 

«Насанов» жеке кусіпкерлігі де «Майкөбелік» көмірді 16 мың теңгеден сатады. Ауыл бойынша жеткізу тегін. Аталмыш кәсіпкерліктің мекенжайы – Болашақ, 1В. 

Айта кету керек, Ленин әкімдігі әлеуметтік нысандарға 314,3 тоннаға жуық көмір жеткізді.